«№7 ЖОББМ» КММ бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі аясында өткізілген ісшаралар
22 қараша күні 2-4 сыныптар аралығында «Мен өз елімнің ұланымын» мектепішілік үгіт-насихат тобы 2-4 сыныптар аралығында ұйымдастырылып, оқушылар марапатталды.
   
23 қараша күні 5-7 сыныптар аралығында «Мен патриотпын» үгіт-насихат топтарының сайысы өткізілді
 
25 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мектебімізде қазақ, орыс және ағылшын тілінде «Менің Қазақстаным!» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Мәнерлеп оқу сайысының басты мақсаты – оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, сонымен қатар орыс және ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын ояту, Отанымызды сүюге, құрметтеуге, тәрбиелеу. Оқушылардың тіл байлықтарын дамыту, дүниетанымын кеңейту.
Осы мақсатта сайысқа 5, 6, 7 сынып оқушылары қатысып, Тәуелсіздік туралы орыс ағылшын,қазақ тілдерінде өлең-жырларын оқыды. Сайыс соңында қатысушылар жүлделі орындарға ие болды. Олар:
Қазақ тілінен 5 сынып оқушылары – Накупов Рамазан, Мұса Аяулым, Жарылқас Айша жүлделі І орынға ие болды. 6-сынып оқушылары Қанатова Зарина, Амантаева Толқын, 7-сынып оқушысы Сыздық Мейрам жүлделі ІІ орынды қанжығаларына байлады. Ал, 5 сынып оқушысы Барыс Абылай мен 7 сынып оқушысы Қаржаубай Жалғас ІІІ орынды қанағат тұтты.
Орыс тілінен 5 сынып оқушылары Бекжан Мұрат пен Накупов Рамазан жүлделі І орынға ие болды. ІІ орынды 6 сынып оқушысы Мықтыбек Ақбаян, 7 сынып оқушысы Күзембай Аяужан марапатталды, ал жүлделі ІІІ орынға Сыздықов Мейрам, Аскаров Гүлзат ие болды.
Ағылшын тілінен 6 сынып оқушысы Қанатова Зарина, Мықтыбек Ақбаян жүлделі ІІ орынға, жүлделі ІІІ орынға 7 сынып оқушысы Күзембай Аяужан, 6 сынып оқушысы Хасенова Мәншүк ие болды. Жүлделі І орынға 7 сынып оқушылары Тайжанов Азамат пен Асқарова Гүлзат ие болды.
«Менің Қазақстаным!» атты мәнерлеп оқу сайысына жауапты болған мұғалімдер – Өтеген Маржан, Ахметова Жұлдыз, Саринова Балдырған.


 
7 желтоқсан күні 1 сыныптар арасында «Сенің өмірдегі алғашқы» асуың атты ісшара өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: Тәуелсіз елін шексіз сүюге баулу, Қазақстан мемлекетінің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге тәрбиелеу. Ата-баба аманатына адал болуға , ерлігінен үлгі алуға , бабалар рухын асқақтата дәріптей білуге үйретіп , ұлтжандылық , отаншылдық сезімдерін ояту. Бірінші сынып оқушылары және ата-аналары дайындалып, басы көрініспен басталды. Көрініске ата-аналар қатысты. Көрініс арқылы тәуелсіздік сөзінің мағынасын ашты. Тәуелсіздік тарихы туралы видеоролик көрсетілді. Оқушылар тәуелсіздікті қалай түсінгені туралы өлең-жолдармен жеткізді. Әрі қарай концерттік бағдарламамен жалғасты. Оқушылар бар өнер мен білімдерін ұштастыра білді. Белсене қатысты. Сахналық мәдениетпен танысып, өздерін сахнада еркін ұстай алды. Соңында барлық қатысушылар «Атамекен» әнін орындады .
 
8 желтоқсан күні мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу күніне арналған 25 жұлдызды күн ісшарасы аясында шағын орталық топ оқушылары арасында өткен «Отаным бақыт ордасы» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаттың мақсаты : оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілікке баулу, елін жерін сүйюге баулу,бойларына патриоттық сезімдерін ояту.Ашық тәрбие сағаты: Қазақстан Республика сының әнұранымен басталды. Тәуелсіздік күніне орай 1-сынып ата-аналарының қатысуымен «Алтын адам» көрінісін тамашалады. Тәуелсіздік күніне орай оқушылар «Отан» туралы тақпақ өлендерін ,Рәміздер туралы тақпақтарын айтты. Дусаева Жасмина «Отаным» әнін шырқаса, «Атамекен» әнін Бақтыбай Жақсылық,Ибрагим Айғазы,Абзал Медина,Құрманбек Раяна өз өнерлерін көрсетті.Тәуелсіздік күніне орай өткізілген ісшара өз мәнінде өтті.
 
9 желтоқсан күні «Білімді Қазақстан» атты педагог қызметкерлер арасында тәжірибелік конференция өткізілді. Бұған мектебімізде деңгейлік курстан өткен мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтсақ, Б.Ералиева «Білімді Қазақстан»тақырыбында баяндама оқып,Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадамы туралы айтып өтті.
76-қадам. 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.
79-қадам. Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен ЖОО-дарында ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу.
89-қадам. «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу.
Т.Күзембаева «Рефлексия-тиімді әдіс» тақырыбында, Б.Саринова мен А.Абдикаримова «Критериалды бағалау», Л.Мусилова «Мәтінге сұрақтар қоюдың тиімділігі», Ә.Нуримова «1 сынып бойынша қалыптастырушы бағалаудың рөлі» тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті. Бүгінгі таңда жаңартылған білім мазмұнынын жаңарту шеңберінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отырғанын, функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасатынын, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген тапсырмалар; экономикалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар; тәжірибеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылатынын айтып өтті. Конференция соңында мұғалімдер өз ойларын ортаға салып,сұрақтарына жауаптар алды. ҚР Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан мұғалімдерінің және біздің мектебіміздің жеткен жетістіктеріне мақтанышпен қараймыз.
 
Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыру.Осы мақсатта даярлық сынып мұғалімдері «Мен өз елімнің ұланымын» тақырыбында ұлттық ойындардан сайыс өткізді. Сайыста оқушылар 3 топқа бөлініп, «Арқан тарту», «Доппен ату», «Мерген», т.б ойындар ойнатылды. Сайыс соңында қорытынды шығарылып,жеңімпаздар марапатталды.Атап айтсақ «Тұлпар» тобы 3 орын, «Қыран» тобы 2орын, «Балапан» тобы 1 орынды иеленді. Сайыс барысында оқушылар сортқа деген белсенділігін, қызығу шылығын көрсете білді. Осындай жарыстар жиі болып тұрса деген ұсыныстар айтылды.
   
|