Жұма, 04.07.2025, 20:06Қош келдіңіз!!! Гость | RSS
Сәтбаев қаласының «№7 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ
Сайт мәзірі
Біздің сауалнама
Мектеп сайты жайлы пікіріңіз?
Всего ответов: 4
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Даму стратегиясы


Мектептің даму стратегияларының атауы

«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «№7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2016-2019 жылдарға арналған даму стратегиясы

МДС жасау негізі

1.     ҚР-ның Конституциясы РК (1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған)

2.     Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы Заңы» (13.11.2015ж. №398 толықтырулар енгізілген)

3.     «Қазақстан Республикасындағы баланың құқығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №145 Заңы

  1. Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы.(ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 327 қаулысымен өзгертілді)

5.     «2012-2016 жылдарға арналған функционалдық сауаттылықты дамытудың іске асырудың ұлттық жоспары» (25.06.2012ж. №832 Қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен);

6.     ҚР білімді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы  (ҚР президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 жарлығы) ;

  1. Мектеп жарғысы «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ 2015ж. «05» 08  № 18/09 қаулысымен бекітілген.

МДС жасауы мен жүзеге асыруы туралы қабылданған шешімнің күні мен негізі 

«25» наурыз 2016 жылғы кеңейтілген педагогикалық кеңестің № 5 хаттамасы

МДС тапсырыс беруші

 «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «№7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

МДС әзірлеушілер

Мектептің шығармашылық ұжымы

МДС мақсаты

Білім сапасын арттыруға бағытталған оқу үрдісін ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті, құзіретті тұлға тәрбиелеу. 

МДС міндеттері

1.Оқушылардың сапалы білім алуына, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға бағытталған оқу үрдісін ұйымдастыру.

2.Мұғалімдердің біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін арттыру.

3.Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.

 

МДС стратегиялары

  1. Білім беру мазмұнын жаңарту.
  2. Мұғалімдердің біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін арттыру.
  3. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы негізінде тәрбие әлеуетін арттыру.

МДС күтілетін нәтижелер

1.Оқушы өз бетімен білім алудың жолдарын  меңгереді, білім сапасының көтерілуіне  қол жеткіземіз;

2.Жаңа технологияларды қолдану нәтижесінде мұғалімдердің кәсіби шеберлігі шыңдалады, білім сапасының көтерілуіне жағдай туғызылады.

3.Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиеленеді.

4.Дарынды балалардың қабілеттерін дамыту жұмысы шыңдалады.

Түлектердің бәсекеге қабілеттілік деңгейі:

           2016-2017 оқу жылында 60%-ға;

           2017-2018 оқу жылында 61%-ға;

 2018-2019 оқу жылында 62%-ға артады.

МДС жүзеге асыру кезеңдері мен мерзімдері

Ұйымдастыру кезеңі - (2016 жыл)

Негізгі кезең - (2017 -2018 жылдар)

Қорытынды кезең - (2019 жыл)

МДС орындауды ұйымдастыру және бақылау

Мектеп әкімшілігі мен сертификатталған мұғалімдер, педагогтар

МДС жүзеге асыруды қаржыландыру көздері

«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ бюджеті

 

Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Шілде 2025  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Мұрағат жазбалары
Сайттың достары
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • База знаний uCoz