Сенбі, 05.07.2025, 11:00Қош келдіңіз!!! Гость | RSS
Сәтбаев қаласының «№7 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ
Сайт мәзірі
Біздің сауалнама
Мектеп сайты жайлы пікіріңіз?
Всего ответов: 4
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Басты » 2017 » Мамыр » 3 » « Инклюзивті білім беру ортасын құру» шығармашылық семинар
11:10
« Инклюзивті білім беру ортасын құру» шығармашылық семинар

« Инклюзивті білім беру ортасын құру» шығармашылық семинар

Ерекше қажеттілігі бар балалар біздің қоғамда бар - бұл шындық және әрбір ата-ана өз баласын дамуы қалыпты балалар қатарынан көргісі келеді. Сондықтан, инклюзивті білім беруді жүзеге асырушы, ата - ана арманын жүзеге асырушы - біздер, ұстаздар! Елімізде ерекше қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіріп, басқа балалармен бірдей білім алуын қамтамасыз ету, білім берудегі кедергілерді жеңу және инклюзивті оқыту үрдісінде өзіндік іс әрекеттерді ұйымдастыру - біздің міндетіміз.

24.04.2017 ж. Сәтбаев қаласы «№7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «Инклюзивті білім беру ортасын құру» тақырыбында шығармашылық семинар өтті. Семинарға ПМПК басшысы Құдайбергенова К.Қ., «Сәтбаев қаласы білім бөлімі» ММ әдіскерлері, қала мектептерінен психолог, әлеуметтік педагог, педагог-логопед, дефектолог мамандар және инклюзивті сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдері шақырылды. Мұғалімдер дайындаған әдістемелік құжаттары мен оқушылардың жетістіктеріне көрме ұйымдастырылды. Мектептің ППС қызметінің мамандары келген қонақтарға арнайы сыныптарда, инклюзивті сыныптарда ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізіп іс тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп кітапханашылары «Кітаппен бірге өсеміз» тақырыбында арнайы сынып оқушыларымен ісшара, 9 «В» арнайы сынып мұғалімі Б.А.Алиманова «Мамандықты таңдай біл» кәсіби бағдар беру бойынша сыныптан тыс ісшара өткізді. Ісшараға Сәтбаев қаласындағы «Денсаулық» және Сәтбаев индустриалдық колледждерінің мамандары келіп, оқушыларды мамандық таңдауға бағыт-бағдар берді. «Инклюзивті білім беру» тәжірибелік алаңының координаторы Б.Н. Жумабаева Инклюзивті білім беруді ұйымдастырудағы жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін, құжаттардың рәсімделуін, консилиум өткізу тәртібін көрсетті. Мектеп психологі Қыдырмолдина М.Е. ата-аналармен тренинг өткізіп, психологиялық кеңестер берді. Пән мұғалімдері Ералиева Б.К. және Кузембаева Т.К. инклюзивті білім беруде оқытудың ұйымдастырылуындағы тиімді әдістерді көрсетіп коучинг өткізді. Семинарда Жезқазған қаласындағы ПМПК басшысы К.Құдайбергенова сөз сөйлеп, осы бағытта туындап отырған мәселелер бойынша мектептер, балабақша мамандарының сұрақтарына жауап беріп тәжірибелік алаңдағы арнайы мамандардың жұмысына жоғары баға берді.

Семинарда қала мектептерінен келген арнайы мамандармен өзекті мәселелер талқыланып, жұмыс жүргізу түрлері түсіндірілді. Арнайы сыныптарда сабақ беретін мұғалімдерге жеке маршрут картасы, әдістемелік құралдар жасау жолдары көрсетіліп, келген мұғалімдер, арнайы мамандар қажетті ақпараттар мен кеңестер алып қайтты.

Ақпарат дайындаған:

Б.Н.Жумабаева

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы «7 ЖОББМ» КММ

тәжірибелік алаң координаторы

Қаралды: 420 | Қосты: seitdaniyar | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Мамыр 2017  »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Мұрағат жазбалары
Сайттың достары
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • База знаний uCoz