ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылыдығын мерекелеу қарсаңында ұйымдастырылған «21 игі іс» атты ісшаралар
9 желтоқсан күні «Білімді Қазақстан» атты педагог қызметкерлер арасында тәжірибелік конференция өткізілді. Бұған мектебімізде деңгейлік курстан өткен мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтсақ, Б.Ералиева «Білімді Қазақстан»тақырыбында баяндама оқып,Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадамы туралы айтып өтті.
76-қадам. 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.
79-қадам. Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен ЖОО-дарында ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу.
89-қадам. «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу.
Т.Күзембаева «Рефлексия-тиімді әдіс» тақырыбында, Б.Саринова мен А.Абдикаримова «Критериалды бағалау», Л.Мусилова «Мәтінге сұрақтар қоюдың тиімділігі», Ә.Нуримова «1 сынып бойынша қалыптастырушы бағалаудың рөлі» тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті. Бүгінгі таңда жаңартылған білім мазмұнынын жаңарту шеңберінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отырғанын, функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасатынын, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген тапсырмалар; экономикалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар; тәжірибеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылатынын айтып өтті. Конференция соңында мұғалімдер өз ойларын ортаға салып,сұрақтарына жауаптар алды. ҚР Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан мұғалімдерінің және біздің мектебіміздің жеткен жетістіктеріне мақтанышпен қараймыз.
   
|